Home Біздің Университет (Русский) Руководство Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

Қомбарова Айгүл Маратқызы, доктор PhD

prorektor1Қомбарова Айгүл Маратқызы – Қазақстан инновациялық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры.
1994 жылы «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті талдау және бақылау» мамандығы бойынша ет және сүт өнеркәсібі Семей технологиялық институтын үздік аяқтаған.
1994 жылдың 3 шілдесінен 2006 жылдың 28 тамызы аралығында Семей қаржы-экономикалық техникумында (1996 жылдан колледж) арнайы пәндер циклдық комиссиясының төрайымы және оқытушысы болып жұмыс атқарады.
2006 жылдың 1 қыркүйегінен Қазақ қаржы-экономикалық академиясында «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы лауазымында қызмет атқарған. 2007-2010 жылдар аралығында Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде «Экономика» мамандығы «PhD докторантура» бағдарламасы бойынша оқып, «Бюджет үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау» тақырыбында диссертация қорғайды. Ғылыми жетекшісі экономика ғылымдарының докторы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ профессоры, Қазақстан Республикасының Халық банкі магистратурасының директоры Ш.Р. Абдильманова.

Айгүл Маратқызы Қазақстанда және шетелде жарық көрген көлемі жағынан 104-тен артық баспа беттік 30-дан  артық еңбектің авторы.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің мақұлдауымен және ұсынуымен 2007 жылы Т.Н. Крамаренконың авторлығымен бірге «Салық және салық салу» атты оқулығы және «Бюджет бойынша тәжірибелік жинақ» атты оқу құралы, ал 2010 жылы А.М.Камзинаның авторлығымен бірге «Кәсіптік пәндерден тест жинағы» оқу құралдары жарияланды.
2009 жылы сәуір айында техникалық және кәсіби білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда шығармашылығы және сапасы үшін  «Фолиант» баспасының Арнайы дипломымен марапатталған.
Сонымен қатар, оқу құралдары: «Мемлекеттік бюджет бойынша практикум» 2006ж, «Қазақстандағы бюджет үрдісі және бюджет» 2007ж; «Салықты жоспарлау» 2009ж; «Салықты жоспарлау» 2010ж (А.Қ.Оразғалиева авторлығымен) жарық көрген.
Маман даярлаудағы жетістіктері үшін: ҚР қаржы Министрлігінің Алғыс хатымен, ҚР білім, мәдениет және қорғаныс Министрлігінің Алғыс хатымен, ҚР Білім Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Семей қаласының әкімі М.Шайжүнісовтің Құрмет грамотасымен, Семей қаласы әкімі Н.Омаровтың Құрмет грамотасымен, ШҚО әкімі Б.Сапарбаевтың Құрмет грамотасымен, Семей қаласы әкімі А.Кәрімовтің Құрмет грамотасымен марапатталған.

ҚИУ бас корпусы:
ШҚО, Семей қ., Байсейітов көшесі, 5,
Жұмыс тел.: 8(7222) 56-22-53