Home Біздің Университет (Русский) Руководство Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор

Құрманғалиева Нұргүл Қадылбекқызы PhD докторы

 

kurmangalieva  1979 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехника институтына түсіп, 1984 жылы «Автоматтандырылған басқару жүйесі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

1984-1987 жылдары Семей облыстық статистика басқармасының есептеу орталығында инженер-программист болып қызмет атқарды.

1987-1995 жылдары арасында облыстық жоспарлау басқармасында, 1995-1999 жылдары Облыстық әкімі аппаратында бас маман болып қызмет еткен.

1999 жылдың қыркүйек айынан Қазақ қаржы-экономикалық академиясында  қызмет етті.

2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ докторантурасын бітіріп, «Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына жүйелік талдауды математикалық қамтамасыз ету  ( «Семей ет комбинаты» ЖШС материалдары негізінде) тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

Бірнеше халықаралық семинарларға қатысқан:

— 2003ж. «Management of information Systems course» тақырыбында халықаралық семинар  CERTIFICATE EDNET Алматы қаласы

— 2008ж .  «Corporate Management» тақырыбында халықаралық семинар Швейцария  Цюрих қаласы  CERTIFICATE SBS Swiss Business School

-2011ж . «Industrial Change» тақырыбында халықаралық семинар Professor at University Paris 7 Diderot  and member of CEDIMES Institute Board Mrs Petia KOLEVA

-2011ж. Москва қаласындағы «ИНТУИТ» Ұлттық ашық университетте  «Оқытушының эффективті жұмысы » тақырыбында курстан өткен.

2011-2012 оқу жылдарында Құрманғалиева Н.Қ. MANCOSA Management  college of SOUTENRN AFRICA МВА-да шақырылған профессор ретінде «Бизнестегі ақпараттық жүйелер», «Сандық әдістер» курстары бойынша дәріс оқыды.

PhD докторы Құрманғалиева Н.Қ. жетекшілігімен студенттер бірнеше мәрте республикалық, халықаралық денгейдегі олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды:

Оқу ағарту саласында еңбек ете отырып, 60 тан аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер жазды. 5 лабораториялық практикумның авторы. А.Байтұрсынов атындагы қола медаль иегері.