Home Біздің Университет Мұражай

Мұражай

Семей қаласындагы Қазахстан Инновациялық университетінде 2013 жылы желтоқсан айында Ұлы қолбасшы Қаракерей Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылды. «Батырлық мұражайы» аталған аудиторияда батырдың бес қаруынан бөлек халқымыздың батырлары мен ел бастаған шешендері, ұлтымыздың біртуар тұлғалары жөнінде көп мағлумат ұсынылады. Мұражайда батыр бабаға арналған жыр-дастандар мен тарихи шығармалар, зерттеу еңбектері де аз емес.

Осындай оқу орнында ашылған мұражай, жас ұрпаққа бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін дәріптеудің бірден-бір жолы және елім деп еңіреген батырлардың ерлігін үлгі ету арқылы, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді.