Home Халықаралық қызмет Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары

  ҚИУ-дың студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білікті кадрларды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. СҒЗЖ зерттеудің әдістемесі, теориясы мен практикасын қосылуға мүмкіндік беретін нақты пәндер, жаратылыстану және инженерлік,гуманитарлық ғылымдар саласындағы соңғы жетістіктері студенттердің шығармашылық өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік береді.

  Университетте 6 студенттік ғылыми үйірме жүргізіледі. Үйірме мүшелері әр түрлі шараларға белсене қатысады.

  «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттері жыл сайын IT-PLANETA халықаралық олимпиадасына қатысады, халықаралық олимпиада түрлеріне Ильясов Т. (Мәскеу), Струков С. (Алматы), Советканов Е. (Санкт-Петербург) қатысқан.

  «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттерінен құралған топ А.С.Попов атындағы Урал радиотехникалық колледж (Ресей, Екатеринбург қаласы) базасында 30 сәуір 2015 жылы болған «Жүйелі әкімшілік» СПО мен ВПО оқушылардың кәсіби шеберлігі Халықаралық олимпиадасына қатысты, сертификатпен марапатталды.

  Жоғары курс студенттері экономика және құқық Алтай академиясында (Барнаул қаласы) «азаматтардың құқығын жүзеге асыру мәлелелері» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысып, сертификатқа ие болды.

 «Қаржы» мамандығы студенттері «Қазақстан қор биржасы» АҚ компаниясы ұйымдастырған «Биржалық симулятор» студенттік конкурсына 2015 жылы күзгі уақытта белсене қатысты.

 «Қаржы» мамандығы студенттері М.Нургалымова, Д.Комбарова, Б.Жангазин Новосібір қаласында болған «Жастар мәслелері, қазіргі әлемдегі жауапкершілік пен еркіндік» атты аймақтық сырттай студенттік ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты. Қатысушылар сертификаттармен марапатталған.

  2016 жылы наурызда ҚИУ дағы 6 базалық бағыт бойынша студенттердің ғылыми жұмыстарына конкурс болды. Онда 30 ғылыми жұмыс қаралды. Осы жұмыстар арасынан авторы 45 студенттік 9  жұмыс диплом және сертификатпен марапатталды.

Сурет 1. Конкурстарға студенттердің қатысуы

  Қазақстан инновациялық университеті студенттері халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға бесене қатысады. Жыл сайын ғылыми сессия аумағында университетішілік 1500 студенттер мақаласы жарияланған студенттік ғылыми конференциялар жүргізіледі. Үздік баяндамалар диплом мен мақтау қағазымен марапатталды.

Сурет 2. Халықаралық, республикалық және аймақтық конференцияларға студенттердің қатысуы