Home Жаңалықтар Педагогикалық ғылымда сыни және креативтік...

Педагогикалық ғылымда сыни және креативтік ойлау

63

2018 жылдың 19-нан 23-ші ақпан  аралығында философия докторы, Техникалық университет профессоры Николай Буюклиев  Варнамен Қазақстандық инновациялық  университеттің профессорлық-оқытушылар құрамы үшін сыни және креативтік ойлау ойынша біліктілікті жоғарлату курстары жүргізілді. Аталған қайшылық-қазіргі заман білім  үрдісі  үшін қажетті  құбылыс  үрдісі.

Бір қарағанда, сыни және креативті ойлау қарама-қайшы формада көрінеді-біріншіден, рациональды және мойындалған үрдіс негізінде, үсінікті және оқылатын; екіншіден, иррациональды немесе мойындалмаған күштер, қол жетімсіз және түсініксіз. Бірақ бұл қөзқараста шындық аз. Шындық тек әйгілі оқымыстыларды немесе студенттік жастарда үнемі тұрақты түрде новаторлық шешім қабылдауларын күшейту.

Толық өмір сүру мақсатында біз ойлауды (критикалық) бағалау үшін интеллектуалдық стандарттарды біріктіруіміз керек. Сонымен қатар, шығармашылық ми іс-әрекеті — бағалау қажет өнімдер арқылы жасау керек.

Сыни және креативті ойлаудың шын мәнін түсінетін болсаңыз, оларды ажырамас, интеграцияланған және біртұтас ретінде тануға үйренуге болады.

Қиял және ой — бөлінбейтін ұғым. Оларды тандемде зерттеу ойлардың, әрекеттердің мәнін толық және анық түсінуді қамтамасыз етеді.

Бұл курс проблемаларды талдау және шешу, стратегиялар әзірлеу және негізгі академиялық, әлеуметтік және кәсіби мәселелер бойынша негізделген көзқарастарды қалыптастыру үшін қажетті сыни және креативті ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған. Шығармашылық ойлау сыни ойлау қабілетіне байланысты.

Негізгі назар білімге қатысты болды:

-сыни ойлау проблемаларды шешуді жеңілдететін зияткерлік дағдылар мен психологиялықәдеттердің жиынтығы ретінде;

— сыни ойлаудың, еркіндіктің және шығармашылық ойлаудың шексіздігінің рамалары мен ережелері;

— дәстүрлі       және    дәстүрлі         емес    ойлау;

— өзін-өзі         ынталандыру арасындағы   өзара   әрекеттесу.

Кез-келген     пәнді, кез-келген курсты жақсы игеру үшін, оқытушы барлық жағдайларды жасап, аудиториямен үнемі жұмыс жасап, диалогты қалыптастыра  отырып, студенттермен тығыз қарым-қатынаста болу керек. Қысқа талқылаулар тіпті оқу үрдісіне қайта жандандыруға мүмкіндік береді, осылайша әртүрлі параметрлерді салыстыру және талдау дағдыларын алыптастырады, білімнің жаңа формаларындағы басты нәрсе студентті қызықтыра білу керек

Тұжырымдаманы қолдануға тырысып, идеяны әрі қарай логикалық талдауға, өздігінен сенімін арттыруға бағыттау керек. Конформалды ойлауды қалыптастыруға жол бермеу, көпшіліктің пікірі бойынша келісу мен бағдарлау мен күресу, алынған білімді қолдануды үйрету маңызды.

Осы  мақсатта курстың бағдарламасы студенттердің сыни және шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға көмектесетін жаттығуларға арналды: Ақылды карталарды қалай құру керек? Ойға арналған сызықты ойындар. Ойға  арналған  интуитивті  ойындар, жұмбақтар.

Сабақтар  қызықты, бірлескен ұтымды және  жоғары  сапалы  технологиямен   өткізілді.