Home Жаңалықтар ҚИУ– Тәуелсіз еліміздің құрдасы

ҚИУ– Тәуелсіз еліміздің құрдасы

18

      Қазақстан инновациялық университетінде жоғарғы оқу орынының 25 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, тақырыбы: «Қазақстан ғылымы мен біліміндегі инновация: қазіргі жағдайы және болашаққа көзқарас». Еліміздің білімі үшін өзекті және маңызды мәселелер Қазақстан және Ресейдің әйгілі ғалымдары қатысуымен өткен шаралармен расталды.

    Конференцияны экономикалық ғылымдар докторы,профессор,ҚР ҚҰАҒ академигі, ҚИУ-нің президенті Әпсәләмов Н.Ә. ашты. Ол оқу  мекемесі құрылуы тарихы жайлы айтты, жоғарғы оқу орынының қол жеткізген жетістіктеріне тоқтап өтті және қала әкіміне,ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатысқан Қазақстан мен Ресейдің ірі жоғарғы оқу орындары ғылымдарына,қаржы құрылымдары басшыларына, құқыққорғау органдары  басшыларына,қала кәсіпорындары басшыларына алғыс білдірді.

   Университеттің алғашқы ұжым қатарларын қала әкімі Е.Б.Салимов құтықтады.Өзінің сөзінде ол, ҚИУ-і жақсы іскерлік беделге ие және еліміздің барлық экономикалық салаларында еңбек ететін,мемлекеттік қызметте жауапты көзқарастар ұстанатын,әртүрлі жоғарғы оқу орындарында ,ҒЗИ жұмыс істейтін, Қазақстанға жоғарыбілікті мамандар дайындайды деп белгіледі.

     Қала басшысы ШҚО және облмаслихат,Семей қаласы әкімі Құрмет грамотасымен аймақ үшін жоғарыбілікті мамандар дайындауда қосқан үлестері үшін оқытушыларды марапаттады.Олардың арасында стратегиялық жоспарлау департаментінің,инновациялық даму және білім үрдісінің сапасын бақылау басшысы  Искакова С.З., қауымдастырылған профессор Мухамадиева А.А., доктор Ph.D Алпысбаев К.С., аға оқытушылар Саржакова Э.Ж., Оразалиева Р.Б.т.б.

      «НарХоз» АҚ профессоры Бердалиев К.  өзінің құттықтау сөзінде жоғарғы оқу орынын мерейтойымен құттықтай отырып, Н.Ә.Әпсәләмовтың еңбектеріне тоқталып өтті:

  • Агроөнеркәсіптік өндірістің жаhандық жағдайда заңнамалық дамуы мен үрдістерін анықтау;
  • Агросектор кәсіпкерлері үшін құқықтық жағдайларды қамту үрдістері;
  • Бәсекеге қабілетті өнімдері бойынша Қазақстан облыстарға жіктеуге жаңа әдістемелік тәсіл тексерілді;
  • Агроөнеркәсіптік секторлар дамуын мемлекеттік реттеу тиімділігін жоғарлату механизмі ұсынылды;

    Конференция модераторы,инновация мен оқу ісі жөніндегі проректоры  Мухамадиева А.А. мәлімдемелерді талқылау алдында ҚИУ-нің білім және ғылым сферасындағы инновацияларға тоқталып өтті,конференция қонақтарын жоғарғы оқу орынының ғалымдары жұмыс істеп жатқан ауқымды халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларымен таныстырды.

    СҚжБІ ректоры, Новосібір облысының еңбегі сіңген ғалымы өзінің баяндамасында ұлттық жүйе модернизациялары жайлы және олардың инновациялық саясат пен мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызы туралы айтты.

      Омбы гуманитарлық академиясының халықаралық қызмет бойынша проректоры, профессор Патласов О.Ю. өзінің баяндамасында тақырыбында  «Мәдениетаралық өзара іс-қимылдың білім беру әлеуеті», мәдениетаралық іс-қимыл тек қана білім беру сапасын,халықаралық білім алмастыру үрдісін студенттер мен оқытушылар қатысулары есебінен  жоғарлатып қоймайды,сонымен қатар,салыстырмалы аспектіде ойлай алатын мәдениетаралық байланысқа жағдай жасайды және басқа мәдениеттер жайлы білімге қол жеткізеді.

          Конференция жұмысы жоғары ұйымдастырушылық және ақпараттық деңгейде өтті.Ғалымдар ғылымда инновация сұрақтары және екі ел білімдері сұрақтарын талқылады,тәжірибемен алмасты,инновациялық білім моделін құрау табыстары факторларына тоқталды.

          Ұқсас шараларға сәйкес,сахнадан бітірушілердің,іскер серіктестердің,сонымен қатар шет ел іскер серіктестердің(Болгария, Азербайджан,Қырғызстан)жылы құтықтау лебіздері айтылып жатты.Олар жүргізушілер сөздерімен және ҚИУ-і көркемөнер студенттері номерлерімен кезектесіп жүріп жатты.

          Университеттің шығармашылық одағымен Сібір қаржы академиясы мен банктік іс пен бірге,Новосібір мемлекеттік университетпен бірге 2001 жылы құрылды.

   Қонақтарды серіктес болғандары үшін алғысын білдіре отырып,ҚИУ-нің президенті,профессор Н.Ә.Әпсәләмов «Бриллианттық серіктес»  сертификатын СҚжБІ ректорына табыс етеді.

   Оқуда, ғылымда және қоғамдық қызметте жетістіктерге жеткен студенттерге қолдау көрсететін,атаулы стипендиялар бөлетін қаржы құрылымдары өкілдеріне «Алтын серіктес» және  «Күміс серіктес» сертификаттары берілді.

   Осындай сертификатпен № 2 Сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы  Абенова Ж. Т. « Құқықтану» мамандық студенттеріне білім беру бағдарламаларын жетілдіруде көрсеткен көмегі үшін және дуальды білім беру сабақтарын ұйымдастырғандары үшін және жүргізгендері үшін,өндірістік тәжірибеде басшылық еткені үшін марапатталды.

   Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»,мектеп пен ЖОО – бұл ұлтқұраушы құрылым. «Әрбір қазақстандық, -білім-болашақ жетістігінің фундаментальды факторы екенін түсінулері қажет,деп Президентіміз атап айтты».Бұл қазақстандықтардың бірегейліктерінің рухани негіздері.Міне,сондықтан білім,оның барлық құрылымына басты үрдісті қайтару көзделіп отыр:білім бере отырып,адамда  адамгершілікті тәрбиелеу.Нұрсұлтан Әбішұлы басты бағдарларды анықтайды – отандық мәдениетті,дәстүр мен рухани-адамгершілікті сақтай отырып,қазақ халқының тілін дамыту.Елбасының мақалаларында белгіленген бағдарламалық қондырғыларды жүзеге асыруға қазіргі уақытта біздің жоғарғы оқу орынымыздың қызметтері бағытталған.

          Университет ұжымының Қазақстан жоғарғы білім беру статусын берік болуына қолғабыс ететініне,Республика Президенті,қоғам мен уақыт алдына бізге қойылған тапсырмаларға сәйкес біздің елімізді көркейтуге лайықты үлес қосатындарына сенімдіміз.