Home Sample Page Есеп және аудит кафедрасы

Есеп және аудит кафедрасы

Кафедра меңгерушісі: Мухамадиева Айжан Аргыновна

 

БАЙЛАНЫС МӘЛІМЕТТЕРІ
Телефон: +7 (7222) 56-08-75
Ішкі байланыс телефонының нөмірі (ip): 120
Мекен жай: 071400 Қазақстан Республикасы, Семей қ., Байсеитова көшесі 5

Тарих

Оқу-әдістемелік жұмыс

Ғылыми зерттеу жұмысы

Студенттердің жетістіктері

 

ТАРИХ

Есеп және экономикалық бағыттағы білікті мамандарды даярлау процесі 1992 жылдан бастап. Қазақ қаржы экономикалық академиясының алдында тұрған басты міндет. Ол кезде мемлекетіміз орын алған экономикалық өзгерістер мен жаңа меншік нысандарының пайда болуы және т.с.с. факторларына бейім бола білетін білікті бухгалтер мамандарына деген үлкен тапшылыққа соқтықты. Оқу орынның пайда болған кезеңінен қазіргі уақытқа дейін «Есеп және аудит» мамандығын қаламыздың көптеген абитуриенттері таңдауда.

1997-98 жж. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының Жуманова Даметкен Тукеновнаның  басшылығындағы «Есеп және аудит» кафедрасының қарамағында болды. 1998-99 жж «Есеп және аудит» мамандығы бойынша студенттерді дярлау процесін «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасы өз міндетіне алды. Ол уақытта кафедра меңгерушісі болып Л.Б.Узбаканова табылды.

2000 жылдардан бастап кафедраны Оспанова Зауре Адильхановна, э.ғ.к.. Дайрабаева Айжан Сериковна басқарса, қазіргі таңда кафедра меңгерушісі болып э.ғ.к. А.А. Мухамадиева табылады. 2013 жылы Қазақ қаржы экономикалық академиясының қайта құрылып, Қазақстан инновациялық университетіне ауысуына байланысты кафедра атауы «Экономика, есеп және туризмге» ауыстырылса, 2016 жылы «Есеп және туризм» кафедрасына өзгертілді.

Көптеген жылдардан бері кафедраның әріптестері болып табылады: И.И.Ползунова атындағы Новосибирск мемлекеттік техникалық университеті, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, Туран университеті. Аталған оқу орындардың алдыңғы қатардағы ғалымдары мен мамандары әртүрлі курстар мен дәрістерді, семинарлар мен дөңгелек үстелдерді өткізіп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысуда.

Қазіргі таңда кафедра келесідей екі мамандық бойынша бакалаврларды даярлауда:

5В050800 – «Есеп және аудит»

5В090200 – «Туризм».

Кафедра жоғары материалдық-техникалық база мен білікті профессорлы-оқытушы құрамға ие. Ол өз тарапынан студенттерге терең кәсіби білім алып есеп және туризм саласының бәсекеге қабілетті маманына айналуына жол ашады.

Оқу-әдістемелік жұмыс

Оқу әдістемелік жұмыс кафедра мамандықтарын оқу-әдістемелік және таратпалы оқу құралдарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Соңғы үш жылда кафедра оқытушыларымен 100 –ден астам оқу-әдістемелік нұсқаулықтары, электрондық кітаптар мен тәжірибелік жұмыстар және ОСӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулықтар басып шығарылды.

Ғылыми зерттеу жұмысы

«Есеп және туризм» кафедрасының ұжымы соңғы үш жыл төңірегінде «Жоғары білімді жетілдіру жағдайындағы білікті мамандарды даярлаудың заманауи тұғырлары» (мемлекеттік тіркеу № 0115РК01122)  атты әдістемелік ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша жұмыс істеуде. Кафедраның  ғылыми-зерттеу тақырыбы: «Оқу-әдістемелік құжаттамалардың сапасын талдау негізінде Жоғары оқу орындарындағы оқу процестерінің тиімділігін жоғарлату». Ғылыми-зерттеу тақырыбының мақсаты: ЖОО оқу-әдістемелік кешендердің құрамы мен құрылымын және олардың құрастырылу әдістемесін зерттеу.

Ғылыми-зерттеу тақырыбының іске асырылуы барысында мақалалар импакт-фактор журналдарында, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы қадағалау Комитеті ұсынған басылымдарда және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларының материалдарында жарық көрді. Кафедралық ғылыми-зерттеу тақырыбы аясында көптеген дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертациялар жасалынып, олардың негізгі тұжырымдары өндіріс процесіне енгізілді. Сонымен қатар кафедра оқытушыларымен құрастырылған оқу–әдістемелік нұсқаулықтары, практикумдары мен тестілік жинақтары оқу процесіне кеңінен енгізілуде.

Студенттердің жетістіктері

«Есеп және аудит» мамандығының студенттері Алпысбаев Қуаныш және Аканова Жансая ҚазҚЭИ студенттер альянсының негізін қалаушылары болып табылады (2006 ж). Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін БУ 31 тобының студенті Алпысбаев Қуаныш 2006 жылы қала әкімінің мадақтамасына ие болып, Қазақ қаржы экономикалық институтының студенттер альянсының төрағасы атанды. Сонымен қатар ол 2005-2008 жыолдары ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің стипендиясының иегері болды.

2005-2007 жылдары жоғары оқу орындағы «Бәйтерек» ғылыми үйірмесін БУ 32 тобының студенті Долдина Айгерим басқарса, үйірменің негізін «Есеп және аудит» мамандығының студенттері құраған болатын. 2009-2010 жж аталмыш үйірмені БУ 32 тобының студенті Манахаева Жанель басқарды.

2006 жылы БУ 31 тобының студенті Алпысбаев Қайрат «Джентльмен 21 Века» атты қалалық сайыстың жеңімпазы атанды.

Оқу орын ішілік сайыстардың алғашқы жеңімпаздары болып «Есеп және аудит» мамандығының студенттері табылды. 2007 жылы У41 тобының студенті Алпысбаев Қуаныш «Үздік студент», У11 тобының студенті Аяшева Ақмарал «Үздік бірінші курс студенті» атағына ие болса, 2008 жылы У42 тобының студенті Джумагалиева Алия, 2010 жылы У41 тобының студенті Ксанова Салтанат «Үздік студент» атақтарын тағы да жеңіп алды. 2008 жылы БУ 31 тобының студенті Слямова Маржан институт ішілік сұлулық конкурсында жеңіске жетіп, «Мисс КазФЭИ» атағына ие болды.

Бірнеше жылдарынан қатар «Есеп және аудит» мамандығының студенттері қалалық «Семей аруы» сайысының жүлдегерлері атанды. 2006 жылы БУ 22 тобының студенті Долдина Айгерим, 2007 жылы БУ 11 тобының студентті Аяшева Ақмарал («парасатты ару»).

2010-2011 жылдары қалалық сұлулық сайыстарына «Туризм» мамандығының студенттері белсенді қатысты. 2010 жылы Рашит Мадина «Мисс ЖасОтан» сайысына қатысып жүлделі номинацияға ие болды. 2011 жылы ТУ12 тобының студенті Павлова Валерия «Мисс Семей» атағын жеңіп алып, 2011 жылдың желтоқсан айыннда «Мисс Казахстан» сұлулық конкурсында Семей қаласының намысын қорғады.

2010 жылы У 32 тобының студенті Дукенов Даурен Семей қаласының студенттер альянсы ЖҚБ төрағасы атанып көптеген қалалық ісшараларды ұйымдастырды. Атап айтқанда: Семей аруы, Қазақстан студенттер альянсының аймақтық слеты (Астана, Павлодар, Өскемен) және т.с.с.

Кафедрада студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына үлкен назар аударылады. Бұл бағыттағы жұмыс кафедралық «Бухгалтер клубы» атты ғылыми үйірмесінің аясында жүзеге асырылады. Үйірме мүшелерінің негізгі жетістіктеріне келесілерді жатқызуға болады:

— 2010 жылы Алматы қаласы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде өткен Республикалық пәнаралық олимпиадада БУ42 тобының студенттері Манахаева Ж. Және Бандюкова Е. Үшінші орынға ие болды (1 орын – Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2 орын — Қазақстан-Британ Техникалық Университеті). БУ42 тобының студенттері Нурсеитовой Д., Ким Г., Искаковой М. «Ерекшелік» номинациясына ие болды.Аталған олимпиадаға республикамыздың 36 ЖОО студенттері қатысқан болатын.

— 2013 жылы У32 тобының студенттері Касымжанова Дианна, Никульшина Александра, Смайлова Асель кафедра меңгерушісі Мухамадиева А.А. және аға оқытушы Олжабаева А.О. жетекшілігімен ғылыми жобалар сайысына қатысып республикалық турға сүрінбей өтті. Республикалық турда аталмыш топ «Внедрение системы бюджетирования на сельскохозяйственных предприятиях как один из путей решения проблем ведения управленческого учета» атты жобамен «Креативный проект» номинациясына ие болды.

— 2016 жылы У32 тобының студенттері Кожахметова Айдана, Тогаева Дамиля кафедра меңгерушісі Мухамадиева А.А. жетекшілігімен ғылыми жобалар сайысына қатысып республикалық турға сүрінбей өтті.

«Есеп және аудит», «Туризм» мамандығында оқитын студенттер университеттің, қаламыздың және облысымыздың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысып, әртүрлі музыкалық, творчествалық және спорт сайыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ретінде танылуда.

Э.ғ.к. Мухамадиева А.А. басшылығындағы «Есеп және туризм» кафедрасының ұжымы жоғары әлеуетке ие және алға қойған мақсатқа жету жолында үлкен еңбек етуде.