Home Жаңалықтар Білім күні

Білім күні

104

ҚИУ-да «Білім күні» мерекесінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде білім беру гранттарын табыс ету марапаты болды 

          3 қыркүйек күні Қазақстан инновациялық университетінде, сондай-ақ бүкіл республикамызда «Білім күні» аталып өтті. Биылғы оқу жылында қатарымыздың жаңа студенттерімізбен толығуы университетіміздің мерейлі жылымен сәйкес келіп отыр. Студенттерімізді құттықтауға оқу орнының әкімшілігі мен оқытушылары келді. ҚИУ президенті профессор Н.А. Апсалямов дарынды жастарды анықтап қолдау мақсатында «Рухани жанғыру» бағдарламасы шеңберінде бірінші курс студенттеріне 28 грант берді. ЖОО басшысы оқуда және қоғамдық жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерді мақтау қағаздарымен марапаттады.

Осы мерекелі күні біздің қамқорлық  кеңесіміздің мүшелері «S – mart» холдингі басшысының кеңесшісі Искаков Б.Х. пен «АЕ investment» ЖШС аудит және бюджеттендіру департаментінің бастығы Искакова Ж.Б. өздерінің жылы тілектерін білдірді. Олармен бірге біздің кафедраларымыз оқыту проблемаларын, ғылымның тәжірибемен байланысын талқылай отырып, өзара тиімді келісім-шарттар жасасады.

Салтанатты мерекеміздің жүргізушілері Бласбаев Білімжан мен Кадырханова Диляра оқу орнының педагогикалық ұжымының атына келіп түскен айтарлықтай қызықты және маңызды құттықтауларды кезек-кезегімен оқып шықты.

Мемлекет Басшысының стипендиаттары да қалыс қалған жоқ: Балтабаев Айсултан, Кункель Мадина мен Рахимбекова Динара. Олар бірінші курс студенттеріне ҚИУ беретін білім мен жоғары интеллект иелері болуларын тіледі, өйткені жас ұрпаққа мемлекеттің дамуына бағытталған барлық жаңа бағдарламаларды игеру міндеті тұр!

Барлық орындаулар қалалық көркемөнерпаздар байқауының жүлдегерлерінің орындауындағы музыкалық нөмірлермен жүзеге асырылды.

Салтанатты мерекеден кейін акт залында бірінші курс студенттерін оқу орнының құрылымдық бөлімшелерімен және қоғамдық ұйымдарымен, сонымен қатар білім берудің кредиттік технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру сұрақтарымен таныстыру мақсатында оқу бөлімінің бастығымен және топ кураторларымен кездесу ұйымдастырылды.