Home Жаңалықтар Ана тілде айтылмаған сырым бар

Ана тілде айтылмаған сырым бар

68

Қыркүйек айының 21 жұлдызында оқу ордамыз Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні мерекесін атап өтті.

Тарих және этносаясат кафедрасының ұйымдастырумен өткен шарада бірінші курс студенттері өз өнерлерімен қуантты. Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері Абай өлеңдерінен әдеби монтаж қойылымын көрсетіп, «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады. Сондай – ақ өзге мамандық білімгерлері де ана тілімізде жырдан шашу шашты. «Ана тілде айтылмаған сырым бар» деп аталған көрікті кештің соңы әсем әнге ұласып, проректор , PhD докторы Оразғалиева Арайлым Қанатқызы жылы лебізімен құттықтады.