Home Жаңалықтар «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БІЛГІРЛЕРІ»

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БІЛГІРЛЕРІ»

64

«Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президентінің жолдауы шеңберінде, қалалық колледж студенттері арасында 2018 жылдың, 21 ақпанында «Экономика және қаржы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Экономика және қаржы білгірлері» интеллектуалдық сайыс ойыны өткізілді.

Аталған іс – шара Қазақстан инновациялық университетінде дәстүрлі түрде жыл сайын тұрақты өткізілуде.  Негізгі мақсаты – экономика, қаржы саласы бойынша оқу үрдісінде бәсекеге қабілетті экономикалық мамандарды дярлау, білім беру сапасын арттыру, инновациялық, ақылды технологияларды оқып-үйренуде,  зерттеу аясында тиімді ынтымақтастықты орнату мен еліміздің зияткерлік элитасын қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың анықтаған басымдықтарын жүзеге асыру.

Интеллектуалдық ойын келесідей кезеңдерден тұрды:

1 – кезең – Командаларды таныстыру.

2 – кезең —  «Білім – күш» («Экономикалық теоия», «Қаржы және несие» пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру, тапсырмалар орындау);

3 – кезең — «Полиглот» (экономикалық терминдерді үш тілде білу);

4 — кезең – Үй тапсырмасы: Презентация: ҚР Қаржы секторын «Қайта жаңғырту»; «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайында экономиканың даму мүмкіндіктері», «Инновациялық экономикаға ақылды технологиялар».

5 – кезең —  Қорытындылау.

Интеллектуалдық сайыс ойынына қаламыздың «Р.Баисейтов атындағы Семей қаржы – экономикалық» колледжі (2 команда — «Новаторлар», «INNOVATION»), «Евразиялық технико – гуманитарлық колледжі (1 команда «Жалын»), Қазақстан инновациялық университетінің «Бәйтерек» ғылыми үйірмесі мүшелері қатысты (1 кмманда «Бәйтерек»).

Сайыс — командаларды өздерін таныстырудан басталды. Әрбір кезең бойынша командалар қызықты ойын үлгісін көрсетті, саналуан креативті ойларымен көпшілік қауым көнілдерінен шыға білді.

«Жалын» және «Бәйтерек» командалары, екінші кезеңде экономика, қаржы саласы бойынша білімдерін сынап, ситуациялық тапсырмаларды шешуде асқан тапқырлық көрсетсе, «Новаторлар», «INNOVATION» команда мүшелері экономикалық терминдерді үш тілде айту мен «Инновациялық экономикаға ақылды технологиялар» үй тапсырмасы ғылыми жобаларын қорғауда алдарына жан салдырмады (ұсынылған жобалары: роботтық технологияларды құрылыс саласында пайдаланудың макеті мен бизнес жоспары, IТ – технология көмегімен контактісіз интерактивті тақтадағы сұрақтарға ұялы телефондары арқылы жауап беру, соңында автоматты түрде бағалану).

Қазақстан инновациялық университеті колледж студенттері арасында ынтымақтастықты қалыптастырып, оқу орындарында алған білімдерімен бөлісіп ортаға салуда интеллектуалдық сайыс алаңына айналуда.

«Экономика және қаржы білгірлері» интеллектуалдық сайыс ойыны соңында білікті әділқазылар алқасы мықтыларды анықтады. Экономика, қаржы саласы майталмандары ретінде 1-2 орындар «Р.Баисейтов атындағы Семей қаржы – экономикалық» колледжінің «INNOVATION», «Новаторлар» командаларына бұйырса, 3 орынды «Евразиялық технико – гуманитарлық колледжінің  «Жалын» командасы мен Қазақстан инновациялық университетінің «Бәйтерек» ғылыми үйірмесі бөлісті.

Іс-шара соңында «Экономика және қаржы» кафедрасы меңгерушісі PhD  докторы Б.К.Кадыров және кафедра доценті, PhD  докторы Аимкулов Р.А. қорытынды сөздерін айтып, алғыстарын білдірді. Қатысушы командалар I.II.III дәрежелі дипломдармен, ал олардың ғылыми жетекшілері «Алғыс» хаттарымен марапатталып, сыйлықтар берілді.

Қорытындылай келе, студент – жастар өмірде дос болғандарымен, білімде бәсекелес болулары қажет екендіктері ескертілді. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар деген ата — бабамыздан қалған нақыл сөздің бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпағандығына тағы да көзімізді жеткізгендейміз….

Интеллектуалдық сайысқа келген студент – жастар естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңілмен тарқасты.